Кәсіптік біліктілік туралы заң жобасын әзірлеуді тездету керек - Білім министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 472.62
  • 513.22
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәсіптік біліктілік туралы заң жобасын әзірлеуді тездету керек - Білім министрі

Кәсіптік біліктілік туралы заң жобасын әзірлеуді тездету керек - Білім министрі

Кәсіптік біліктілік туралы заң жобасын әзірлеуді тездету керек.

  • 30 Қазан 2012
  • 402
Фото - Caravan.kz

Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов осылай деді.

Ол үшін арнайы жұмыс тобын құру қажеттігін ескертіп өткен министр, қызмет пен реттелетін кәсіптер саласының тізбесін ресми түрде анықтау қажеттігін де баса айтты.

«Бұл — көптеген дамыған елдердің тәжірибесі, оны қолдануымыз керек. Әрине, шаштараз немесе кеңсе қызметкерлері үшін жалпы мемлекеттік көлемде сертификат талап ету ақылға сыйымсыз. Ал, елдің негізгі кәсіптері үшін осы жүйені қалыптастыру керек және оларды орындалуын қатаң талап ету қажет», — деді ол.

Министрдің атап өтуінше, бірінші кезекте бұл үш сала болуы мүмкін. Атап айтқанда олар мұнай-газ және энергетикалық кешен, тау-кен мен тау-кен металлургиялық, туристік салалары.

«Осы салаларда біліктілік растаудың тәуелсіз жүйесін іске асырумен қатар оның мамандар мен бизнеске қажеттілігін де қамтамасыз ету керек. Сондықтан, реттелетін кәсіптер бойынша жұмысқа қабылдау және тиісті қызметке орналастыру үшін біліктілік сертификатының міндетті түрде болуын заңмен бекітуді дұрыс деп санаймыз», — деді Б.Жұмағұлов.