Каскелеңде Бақытбек Есентаевтың ісі бойынша басты сот отырысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каскелеңде Бақытбек Есентаевтың ісі бойынша басты сот отырысы басталды

Каскелеңде Бақытбек Есентаевтың ісі бойынша басты сот отырысы басталды

Қаскелеңде қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Бақытбек Есентаев ісі бойынша бас сот отырысы басталды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

  • 28 Қыркүйек 2016
  • 726
Фото - Caravan.kz

Сотқа айыпталушының туыстары келді. Баян Есентаева сотқа келмеді.

«Тараптардың өкілдері келген соң сот залында алқа билер іріктеледі», — деп атап өтті айыпталушының адвокаты Бекболат Жексейітов.

Еске сала кетейік, Баян Есентаева емделуін жалғастыруда. Оқыс оқиға 10 маусымда орын алды. Есентаев оны пышақпен жарақаттаған.
Тележүргізуші ауыр халде Талғар ауруханасына жеткізілген. Онда оған ота жасалды. Ал күйеуі Бақытбек Есентаев Талғар АІІБ-ге жеткізілді.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейін қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлімі және 24-бабының 3-бөліміне ауыстырылды.


Айыпталушыға ҚР ҚК 120-бабы 1-бабы, 121-бабының 1-бөлімі, 99-бабының 1-бөлімі, 24-бабының 3-бөлімі бойынша айыптар тағылды.

Сот жабық режимде өтуде. Есентаевтардың қызы — Айсәуле Бақытбек сотта әкесін қорғайды. Істі алқа билер соты қарайды.

Соңғы жаңалықтар