Каспий құбыр консорциумы - Қазақстан экономикасының күретамыры - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий құбыр консорциумы - Қазақстан экономикасының күретамыры

Каспий құбыр консорциумы - Қазақстан экономикасының күретамыры

Себебі, бұл маршрут Каспий аймағынан әлемдік нарыққа мұнай тасымалдаудың ең сенімді әрі тиімді жолы саналды.

  • 12 Қыркүйек
  • 5
Фото: ашық дереккөз

КТК-дағы қауіпсіздік біз үшін басты мәселе, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Каспий құбыр консорциумы — Қазақстан экономикасының күретамыры. Біздің бюджеттің тең жартысын КТК арқылы экспортталған мұнайымыз алып келеді. Егер бұл жүйеде апат болса, бірінші сорлайтын біздің еліміз.

Бірақ КТК-да апатты болдырмау ерекше жолға қойылған. Кеше Алматыда, әсем Медеу шатқалында Каспий құбыр консорциумының Қауіпсіздік күні өтті. Бұл осымен 12-ші рет өтіп отырған айтулы шара.

Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау стратегиялық жоспары шеңберінде КТК басшылығының бүкіл командасы осы шараға қатысты. 24 компаниядан 600-ге жуық делегат келді.

Байқаудың қазылар алқасы еңбекті қорғаудың теориялық білімі, өндірістік апатты тергеу және түпкі себептерін анықтау, жұмысқа рұқсаттарды дұрыс рәсімдеу, жұмыстарды орындау алдында ықтимал тәуекелдерді анықтау саласында ең жақсы нәтиже көрсеткен мықты командаларды анықтап, әділ бағасын берді.

Каспий құбыр консорциумындағы қазақ елінің өкілі болып табылатын ардагер мұнайшы Қайыргелді Қабылдин мәртебелі меймандарға «Қазақ мұнайына 125 жыл» медалін табыстады.

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) қазақстандық мұнайды Қазақстан — Ресей аумағы арқылы транзитпен экспорттау үшін құрылған. 

КҚК ұзындығы 1,5 мыңнан асатын Теңіз — Новороссийск мұнай құбырына ие, ол Қазақстанның батысындағы кен орындарын Қара теңіздің ресейлік жағалауымен байланыстырады.

Қазіргі таңда консорциум құрамына әлемнің ірі мұнай-газ саласымен айналысатын 11 акционері кіреді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Chevron Caspian Pipeline Consortium Company, LUKARCO B.V., Mobil Caspian Pipeline Company, Kazakhstan Pipeline Ventures LLC, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited, BG Overseas Holding Limited, Eni International N.A. N.V. және Oryx Caspian Pipeline LLC.