Каспий жағалауында жаңа курорт салынуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 512.44
  • 593.15
+30 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий жағалауында жаңа курорт салынуы мүмкін

Каспий жағалауында жаңа курорт салынуы мүмкін

Бүгінде Бакуде Каспий жағалауында Sea Breeze курорттық кешені бар

  • 19 Мамыр
  • 3
ФОТО: Sputnik

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі кәсіпкер Эмин Агаларов Каспий жағалауында тағы бір курорт салуға мүдделі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Kazakh Tourism таратқан мәліметке сәйкес, компания басшылығы Әзербайжанда белгілі кәсіпкер Эмин Агаларовпен кездесіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында Sea Breeze ұқсас курорт салу мүмкіндігін талқылау — екі тарап жүргізген келіссөздегі басты тақырыптардың бірі. Болашақ жоба үшін перспективалық локациялар ретінде табиғи әлеуеті бірегей Кендірлі және Жылы жағажай аталды. Олар саяхатшыларды тартатын халықаралық туризмнің жаңа нүктесі бола алады», — делінген ресми хабарламада.

Жақын арада Эмин Агаларов Маңғыстауға келуді жоспарлап отыр. Онда ол жобаға ұсынылған орындарымен өзі танысып шығады.

«Бізде екі міндет бар — елдеріміз арасындағы өзара туристік ағынды арттыру және Қазақстан аумағындағы Каспий теңізінің жағалауында осындай курорттық жобаны интеграциялау мүмкіндігін қарастыру», — дейді Агаларов.

Айта кетері, бүгінде Бакуде Каспий жағалауында Sea Breeze курорттық кешені бар. Оның аумағы 500 гектарды құрайды және 7 шақырым жағалау сызығын алып отыр. Кешен құрамында тұрғын үйлер, қонақ үйлер, мектептер, медициналық мекемелер, балабақшалар және демалыс аймақтары бар. Болашақта жоба аумағын 1300 гектарға, ал жағалау ұзындығын 22 шақырымға дейін арттыру жоспарланған.