Каспий экологиясына арналған алғашқы халықаралық конференцияға 150 өкіл қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий экологиясына арналған алғашқы халықаралық конференцияға 150 өкіл қатысады

Каспий экологиясына арналған алғашқы халықаралық конференцияға 150 өкіл қатысады

Бүгін, 11-қыркүйекте Маңғыстау облысында ашылатын Каспий экологиясына арналған алғашқы халықаралық конференцияға 150 өкіл қатысады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Iteca компаниясынан хабарлады.

  • 11 Қыркүйек 2003
  • 1226
Фото - Caravan.kz

Экологиялық форумды ҚР вице-премьері Ахметжан Есімов ашады деп күтілуде. Бас қосу екі күнге созылады. Конференцияда негізгі делегат әрі бас баяндамашылар ретінде ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі, ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі, Әзербайжан экология министрі, Түрікменстан табиғат қорғау министрі, Түрікменстан мұнайгаз өнеркәсібі және минералды ресурстар министрі, РФ табиғи ресурстар жөніндегі вице-министрі, Иранның мұнай және газ министрі, РФ президентінің Каспий мәселесі жөніндегі арнаулы кеңесшісі, РФ СІМ-нің төтенше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Каспий мәселесі бойынша жұмыс тобының жетекшісі, ҚР президентінің Каспий мәселесі жөніндегі арнаулы кеңесшісі, сондай-ақ, Каспий төңірегіндегі Әзербайжан, Иран, Ресей, Қазақстан, Түрікменстан елдерінің мемлекеттік қайраткерлері, сондай-ақ, осы елдердің жетекші компаниялары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері сөз сөйлейді.

«Caspian Ecology 2003» конференциясы бірнеше сессия бойынша өткізіледі. Атап айтсақ, бас қосу барысында Каспий аймағының экологиялық ахуалы, Каспийдегі биологиялық түрлерді сақтау, мұнай операцияларын жүргізу барысында жағалаудағы аумақтар мен Каспий экологиясын қорғау бағытындағы мұнай компанияларының іс-қызметі, теңізден мұнай өндіру жұмыстары барысында қазіргі заманғы экологиялық қаіпсіз технологияларды қолдану, бұрғылау және мұнайды танкермен тасымалдау барысында мұнайдың теңізге төгілуі мен басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу және ондай жағдайда шұғыл шаралар қолдану, халықаралық ұйымдардың Каспий аймағындағы экологиялық жобаларды жүзеге асыруға қатысуы, экологиялық ахуалды жақсарту және аймақтағы экологиялық жүйені сақтап қалу үшін Каспий бассейніне жататын елдердің өзара ынтымақтастығы тәрізді мәселелер талқыланады.
Форумның мақсаты — тауқыметтерді бірлесе талқылап, Каспий аймағының экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған ортақ шаралар жоспарын жасау, Каспий аймағында жұмыс істейтін компаниялар, слондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау және оны басқару саласында жұмыс істейтін ғылыми мекемелер мен мемлекеттік ұйымдар арасында ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға түрткі болу.

Соңғы жаңалықтар