Каспий елдерінің сыртқы істер министрлері орынбасарларының кезекті кездесуі қазан айының аяғында Мәскеуде өтуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий елдерінің сыртқы істер министрлері орынбасарларының кезекті кездесуі қазан айының аяғында Мәскеуде өтуі мүмкін

Каспий елдерінің сыртқы істер министрлері орынбасарларының кезекті кездесуі қазан айының аяғында Мәскеуде өтуі мүмкін

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция жобасын жасаушы арнаулы жұмыс тобының кезекті отырысы қазан айының аяғында Мәскеуде өтуі мүмкін. Бұл туралы Әзербайжан сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов журналистерді құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Баку қаласынан.

  • 8 Қазан 2004
  • 329
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Ресей жағы осындай ұсыныспен шыққан. Егер теңізді қоршай орналасқан басқа мемлекеттер оны құптаған жағдайда сыртқы істер министрлері орынбасарларының деңгейінде кезекті консультациялар өтіп, тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның жобасы бойынша жұмыстарды одан әрі жалғастырып, ондағы келісілмеген тұстарын талқылайды.

Ал Каспийді қоршай орналасқан елдердің мемлекет басшыларының Тегерандағы саммиті туралы сөз қозғаған Х.Халафов бас қосу мерзімі әлі нақтыланбағанын жеткізді.

Перейти к новостям спорта