Каспий маңындағы бес мемлекет басшыларының Тегеранда өтетін саммитінің нақты мерзімі айқындалған жоқ - Иранның Қазақстандағы елшісі - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий  маңындағы бес мемлекет басшыларының Тегеранда өтетін саммитінің нақты мерзімі айқындалған жоқ - Иранның Қазақстандағы елшісі

Каспий маңындағы бес мемлекет басшыларының Тегеранда өтетін саммитінің нақты мерзімі айқындалған жоқ - Иранның Қазақстандағы елшісі

"Каспий маңындағы бес мемлекет басшыларының Тегеранда өтетін саммитінің нақты мерзімі айқындалған жоқ. Бірақ ол жуық арада анықталады". Бұл туралы бүгін, 4-ақпанда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ахмад Аджаллауиан мәлімдеді,-деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Ақпан 2005
  • 414
Фото - Caravan.kz

А.Аджаллауиан осы орайда теңізді қоршай орналасқан бес мемлекет Каспийдің қоршаған ортасын қорғау туралы келісімге қол қойғанын еске салды. Алайда, Каспий теңізінің түбін бөлісу, теңіздің айналасындағы елдердің қауіпсіздігі, Каспийде әскери кемелердің орналасуы және басқа да бірқатар мәселелер бойынша тараптардың ұстанымы бұрынғыдай бір арнада тоғыспай отыр, деді ол.

«Өз басым Каспийді қоршай орналасқан елдер барлық мәселелер бойынша ортақ тіл табысады дегенге сенімім кәміл»,- деді елші.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция жобасын жасаушы арнаулы жұмыс тобының кезекті 17-ші жиналысы Тегеранда өтеді. Жұмыс тобының отырысына Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түрікменстан өкілдері қатысады.

Перейти к новостям спорта