Каспий маңындағы елдердің өкілдері бекіре тұқымдас балықтарды аулауға 2004-жылға квота белгілеу мәселесі бойынша ортақ мәмілеге келе алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий маңындағы елдердің өкілдері бекіре тұқымдас балықтарды аулауға 2004-жылға квота белгілеу мәселесі бойынша ортақ мәмілеге келе алмады

Каспий маңындағы елдердің өкілдері бекіре тұқымдас балықтарды аулауға 2004-жылға квота белгілеу мәселесі бойынша ортақ мәмілеге келе алмады

Каспий теңізін қоршай орналасқан елдердің өкілдері теңіз проблемаларына арналып Астрахань қаласында өткен кеңесте бекіре тұқымдас балықтарды аулауға 2004-жылға квота және лимит белгілеу мәселесі бойынша ортақ мәмілеге келе алмады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне балық шаруашылығын реттеу және оны қорғау жөніндегі Орал-Каспий бассейндік басқармасының бастығы Юрий Ромашов хабарлады.

  • 11 Желтоқсан 2003
  • 458
Фото - Caravan.kz

Ю.Ромашовтың мәліметіне жүгінсек, Каспий теңізінен жалпы балық аулауға 1482 тонна лимит белгіленсе, бұл шектеу шеңберіндегі Қазақстан үлесі ғылыми мақсатта балық аулауды қоса есептегенде 229 тоннаны құрайды. Бұл көрсеткіш Каспий төңірегіндегі басқа елдердің мүддесі есебінен 2002-жылғыдан 31 тоннаға азайтылған.

Каспий теңізі проблемаларына арналған кеңесте еліміз өкілдері бұрынғы балық аулау мөлшерін қалпына келтіруді сұрады. Сондай-ақ, жуырда ғана балық өсіретін зауытты пайдалануға берген Әзербайжан да бекіре тұқымдас балықтарды аулауға белгіленетін квота мөлшерін арттыруға мүдделі.
Ю.Ромашовтың айтуынша, тараптар Өсімдік және хайуанаттар дүниесінің сирек кездесетін түрлері бойынша халықаралық сауда-саттық туралы БҰҰ конвенциясы — CITES алдына квота мөлшерін арттыру жайында ғылыми негіздемелі ұсыныстар жасауға шешім қабылдап, осы мәселе бойынша ақырғы шешім қабылдау үшін 2004-жылдың басында қайтадан бас қосуға ұйғарысты.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Каспий теңізінде бекіре тұқымдс балықтарды өнеркәсіптік аулау құқығына Ресей, Иран, Қазақстан және Әзербайжан мемлекеттері ие.

Соңғы жаңалықтар