Каспий маңындағы мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің Мәскеуде өтетін кеңесінде теңіздің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция жобасының өзекті тұстары талқыланады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий маңындағы мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің Мәскеуде өтетін кеңесінде теңіздің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция жобасының өзекті тұстары талқыланады

Каспий маңындағы мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің Мәскеуде өтетін кеңесінде теңіздің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция жобасының өзекті тұстары талқыланады

Бүгін, 6-сәуірге белгіленген Каспий маңындағы мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің Мәскеуде өтетін кеңесінде теңіздің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция жобасының өзекті тұстары талқыланады. Өткені, бұл мәселелерді шешуге Каспий теңізі жөніндегі жұмыс топтарының құзыры жетпейді,- деп хабарлайды Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігі.

  • 6 Сәуiр 2004
  • 864
Фото - Caravan.kz

Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары, РФ президентінің Каспий мәселесі жөніндегі арнаулы өкілі Виктор Калюжный жоғарыдағыдай мәселелер қатарына қарусыздану, кеме қатынасы, Ресейдің ішкі сулары арқылы еркін қатынау мәселелерін жатқызады.

РФ СІМ өкілдерінің атап көрсеткеніндей, кездесуде Каспий теңізінің жағалауындағы мемлекеттер арасындағы өзара ынтымақтастық проблемасына баса назар аударылады.
2002-жылдың сәуір айында Ашхабад қаласында өткен бірінші Каспий саммиті барысында мемлекет басшылары осындай бас қосуды тұрақты сипатқа көшіру туралы уағдаласуына сәйкес, министрлер екінші Каспий саммитіне дайындық жұмыстарына кірісу мәселесін талқылайды. Жоғары деңгейдегі Каспий саммитін Иран жағы Тегеранда өткізуді ұсынып отыр.
Мәскеу кездесуіне қатысушылар сондай-ақ, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция жобасын жасау бағытындағы келіссөздер барысына талдау жасап, Каспий теңізіндегі жекелеген қызмет түрлері бойынша (жер қойнауын пайдалану, табиғат қорғау, балық шаруашылығы, гидрометеорология, кеме шаруашылығы т.б.) келісімдер жобасын дайындау туралы талқылайды. Сондай-ақ, Каспий маңындағы мемлекеттердің халықаралық лаңкестік және басқа да жаңа қауіп-қатерлерге қарсы күрес саласындағы өзара ықпалдастығы туралы мәселе де күн тәртібіне шығарылмақ.
ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаевтың айтуынша, «келіссөздер барысы күрделі болайын деп тұр».
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындау мәселесі бойынша Ресей, Қазақстан және Әзербайжан мемлекеттері өзара бір тоқтамға келу ұстанымынан ауытқымай отыр. Бұл елдердің пайымдауынша, БҰҰ-ның 1982-жылғы теңіз құқығы жөніндегі Конвенциясының жекелеген тәртіптері ғана Каспий теңізіне қатысты болуы мүмкін. Бірақ олар Каспий теңізінің ерекшеліктерін ескере отырып пайдаланылуы тиіс. Ресей, Қазақстан және Әзербайжан мемлекеттері Каспийді түбегейлі көл немесе теңіз деп тану туралы ұсынысты қолдамайды.
Бұл елдердің пайымдауынша, Каспий теңізінің табаны мен ресурстары оны қоршай орналасқан мемлекеттер арасында экономикалық аймақтар түрінде бөліске салынуы тиіс. Осы аяда тараптар табиғи ресурстарды игеру және барлау жүргізуде ерекше құқыққа ие болмақ. Каспий теңізінің ресурстары мен суын тәжірибе жүзінде пайдалану үшін әрбір елге тиесілі аумақтық сулардың көлемі мен балық аулайтын аймақтарды нақты келісе отырып белгілеу ұсынылып отыр. Олар мемлекеттердің ұлттық юрисдикциясына беріліп, теңіздің қалған бөлігі кеме қатынасы мен балық аулау мақсатында еркін пайдаланылады деп күтілуде.
Ал Иран мен Түрікменстанынң бұл тұрғыдағы ұстанымы өзгешелеу. Осындай себеппен ҚР СІМ «атқарылуы тиіс жұмыстардың ауқымды екенін, дегенмен, осындай келіссөздер жүргізе берудің дұрыстығын» жасырмайды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев Каспий маңындағы мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің Мәскеуде өтетін кеңесіне қатысу үшін кеше Ресей астанасына ұшып кетті.

Соңғы жаңалықтар