Каспий қайраңын игеруде Қазастан үлкен тәуекелге бел байлап отыр - ҚР ЭМРМ - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий қайраңын игеруде Қазастан үлкен тәуекелге бел байлап отыр - ҚР ЭМРМ

Каспий қайраңын игеруде Қазастан үлкен тәуекелге бел байлап отыр - ҚР ЭМРМ

Каспий қайраңын игеруде тәуекелдің үлкен бөлігін Қазақстан өз мойнына жүктеп отыр. Бүгін, 17-наурызда "Қазақстандағы жер қойнауын пайдалану ахуалы және салық " тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында Астанада ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 17 Наурыз 2004
  • 904
Фото - Caravan.kz

Еліміздің Салық кодексіне жер қойнауын пайдалануға қатысты енгізілген өзгерістерге шетелдік инвесторлар өкілдерінің сын тағуына байланысты түсініктеме берген В.Школьник «мұнайгаз кеніштерін игеруде республика коммерциялық тәуекелді шетелдік инвесторлармен тең бөлісуі тиіс » деген пікірмен келісетінін жариялады. «Дейтұрғанмен, шетелдік инвесторларға шельфті игеруге мүмкіндік беру арқылы тәуекелдің үлкен бөлігін Қазақстан өз мойнына алды дегенді инвесторлар пайымдауы тиіс. Каспий қайраңындағы кез-келген апат пен оның салдарына қатысты жауапкершілікті инвесторлар емес, республика арқалайтыны түсінікті»,- деді В.Школьник.

Министр шетелдік инвесторларға «осындай тәуекелді ақшамен өлшеп көруге», сондай-ақ, «Қазақстандағы жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу туралы сөз қозғағанда қиындықтарды тізбелеп, қара аспанды төндірмеуге» кеңес берді.
Ал ҚР қаржы министрі Ерболат Досаев инвесторлар үлесіне тиетін коммерциялық тәуекелділіктің азайып келе жатқанына тоқталды. Оның айтуынша, «Еліміз экономикасының ішкі тиімділік деңгейі әжептәуір көтерілді, соған сәйкес, инвесторларға тиесілі тәуекел деңгейі де төмендеуі тиіс. Ал бұл өз кезегінде жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық мөлшеріне әсер етеді». Е.Досаев сондай-ақ, инвесторлар өндірген мұнайдан түсетін кіріс мөлшеріне қарай Қазақстан «мұнайлы алпауыт мемлекеттердің тізімінде бұрынғыдай соңғы орындарда көзге түседі» деп мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар