Жарияланды: 650

Каспий қайраңындағы мұнай операцияларын бейне-бақылау жүйесі арқылы мониторингтеу ұсынылды

Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшім Каспий теңізі қайраңындағы мұнай операцияларын бейне-бақылау жүйесін енгізуді ұсынды.

«Каспий теңізі қайраңындағы мұнай операциялары мен қоршаған ортаның жағдайын тұрақты түрде бейне-бақылау жүйесі арқылы бақылап отыру қажет. Тұрақты мониторинг нәтижесін «Қазгидрометтің» орталық диспетчерлік нүктесіне орналастыруға болады», - деді ол бейсенбі күні Астанада «Каспий қайраңын дамыту» тақырыбындағы конференцияда. Министрдің айтуынша, қазір теңіздің жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысын мониторингтен өткізіп отыратын Каспий аймақтық мемлекеттік он-лайн жүйесін құру мәселесі қарастырылуда. Сонымен қатар, пайдаланылмайтын ұңғымаларды ұзақ мерзімдік мониторингтеуді қолға алу көзделіп отыр, дейді министр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін