Каспий қайраңындағы мұнай операцияларын бейне-бақылау жүйесі арқылы мониторингтеу ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий қайраңындағы мұнай операцияларын бейне-бақылау жүйесі арқылы мониторингтеу ұсынылды

Каспий қайраңындағы мұнай операцияларын бейне-бақылау жүйесі арқылы мониторингтеу ұсынылды

Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшім Каспий теңізі қайраңындағы мұнай операцияларын бейне-бақылау жүйесін енгізуді ұсынды.

  • 16 Маусым 2011
  • 637
Фото - Caravan.kz

«Каспий теңізі қайраңындағы мұнай операциялары мен қоршаған ортаның жағдайын тұрақты түрде бейне-бақылау жүйесі арқылы бақылап отыру қажет. Тұрақты мониторинг нәтижесін «Қазгидрометтің» орталық диспетчерлік нүктесіне орналастыруға болады», — деді ол бейсенбі күні Астанада «Каспий қайраңын дамыту» тақырыбындағы конференцияда.

Министрдің айтуынша, қазір теңіздің жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысын мониторингтен өткізіп отыратын Каспий аймақтық мемлекеттік он-лайн жүйесін құру мәселесі қарастырылуда. Сонымен қатар, пайдаланылмайтын ұңғымаларды ұзақ мерзімдік мониторингтеуді қолға алу көзделіп отыр, дейді министр.

Соңғы жаңалықтар