Каспий теңізі мен оның қоршаған ортасын қорғау жөніндегі конвенцияға 3-4-қарашада Тегеранда қол қойылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий теңізі мен оның қоршаған ортасын қорғау жөніндегі конвенцияға 3-4-қарашада Тегеранда қол қойылады

Каспий теңізі мен оның қоршаған ортасын қорғау жөніндегі конвенцияға 3-4-қарашада Тегеранда қол қойылады

Каспий теңізі мен оның қоршаған ортасын қорғау жөніндегі принциптік мәміленің шеңберін айқындайтын конвенцияға 3-4-қарашада Тегеранда қол қойылады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Әзербайжанның экология және табиғи ресурстар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінің басшысы Әли Саидов хабарлады.

  • 30 Қазан 2003
  • 875
Фото - Caravan.kz

Ә.Саидовтың айтуына қарағанда, кездесуге Әзербайжан тарапынан экология және табиғи ресурстар жөніндегі министрлігінің үш маманы мен сыртқы істер министрілігінің екі өкілі қатысқалы отыр. Өкілдерді экология және табиғи ресурстар жөніндегі министрлігінің басшысы Гусейн Багиров басқарады.

Конвенцияның мақсаты — Каспий теңізінің маңындағы қоршаған табиғи ортаны барлық түрлі ластану көздерінне қорғау, сондай-ақ, теңіз ресурстарын сақтау, қорғау және тиімді пайдалану болып табылады. Құжатта сондай-ақ, қоршаған ортаның ластануының алдын алуға, Каспий теңізінің қоршаған ортасын қалпына келтіруге, қорғап сақтауға қажетті барлық шараны дербес немесе бірлесе қабылдау қарастырылады.
Бастапқыда Каспий теңізі мен оның қоршаған ортасын қорғау жөніндегі рамкалы конвенцияға 2003-жылдың 25-26-қаңтарында Тегеранда қол қою межеленген болатын, алайда, оған Түрікменстан жағы қатысудан бас тартқандықтан уағдалы мерзімді шегеруге тура келді.

Соңғы жаңалықтар