Каспий теңізі жағалауында үш Ресей азаматы ұсталды - Атырау
Атырау облысында Каспий теңізі жағалауында заңсыз балық аулап жүрген Ресей Федерациясының үш азаматы қолға түсті. Облыс ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, браконьерлерді су полициясы қызметкерлері ұстады. Олар балықты моторы қуатты «Ямаха» қайығымен аулаған. 28 келі бекіре тұқымдас балық, 6 екі жүз литрлік бөшке алынды. Тексеру жүргізілуде. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін