Теңізде емін-еркін моторлы қос қайықпен жүрген балықшылар өздерін тоқтатпақ болған шекарашылардың бұйрығын құлаққа да ілмеген. Екі қайыққа бөлініп мінген 8 балықшы осылайша қашып кетуге әрекет жасапты. Бірақ, оқ атылған соң амалсыздан тоқтауға мәжбүр болды. Бекірені баудай түсірген браконьерлерде мұздай қаруланып алған екен.
Талғат Төребаев, 2201 «Г» әскери бөлімінің командирі:
-Бір қайықтан 300 метр ау табылды. Ұсталғандардың бәрі өздерін атыраулық балықшылармыз деп отыр. Бірақ, қолдарында куәліктері жоқ.