Каспий теңізінде бұрғыланған 2650 ұңғы су астында қалу қаупі бар - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий теңізінде бұрғыланған 2650 ұңғы су астында қалу қаупі бар

Каспий теңізінде бұрғыланған 2650 ұңғы су астында қалу қаупі бар

Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігінде бұрындары бұрғыланған 2650 ұңғы су астында қалу қаупі бар. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Атырау облыстық мұнайгаз кешені, сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялық саясат жөніндегі басқармасынан хабарлады.

  • 13 Маусым 2003
  • 872
Фото - Caravan.kz

Басқарма өкілдерінің айтуынша, Атырау облысының басшылығы осындай қараусыз қалған мұнай ұңғыларын анықтау, зерттеу және жою мақсатына қаржы бөлу жөнінде үкіметке өтініш жолдапты.

Басқарма мәліметі бойынша, барланған аумақтар мен жекелеген ұңғылардың басым бөлігі қорғаныс құрылғыларынан тысқары орналасқан. Олардың басым көпшілігі Каспий суларының астында жатыр. Қазіргі жағдаймен Лебяжье, Северный Култук, Орайская, Южная, Грядовая, Морская, Көк-Арна, Новобогатинский свод, Жарбас, Атанақ, Қарасор, Западный, Прорва морская, Юго-западное Тажигали, Пустынное, Прибрежное тәрізді 15 кеніш су астында қалу қаупі бар аймақта орналасқан. Оларда мемлекет меншігіндегі немесе жер қойнауын пайдаланушылар меншігіне өткеру сатысындағы бұрындары бұрғыланған 2650 ұңғы бар көрінеді.
Аталмыш ұңғылардың техникалық ахуалына мониторинг жасау немесе оларды санақтан өткізу шаралары күні бүгінге дейін қолға алынбай отыр. Ал ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің геология және жер қойнауын қорғау жөніндегі комитеті болса қараусыз қалған ұңғыларды мемлекеттік бюджет есебінен анықтап зерттеуді 2003-жылға жоспарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар