«Қазақстанның мұнайгаз секторы дамудың жаңа деңгейіне ден қойды. Ол ірі өнім өндіруші және мұнай мен газ экспорттаушы ретінде еліміздің келешегін нығайта түседі. Демек, мұнайгаз саласына ауқымды инвестиция қажет болмақ»,- деді Ж.Марабаев.
Оның айтуынша, 2003-2005-жылдарда Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін игеруге жұмсалған инвестиция көлемі 3,8 млрд. доллар болды. «Болжам бойынша 2006-2010-жылдарда осынау инвестиция көлемі 12,9 млрд., 2011-2015-жылдарда 16,8 млрд. доллар болады деп күтілуде»,- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті