Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі Прибрежное кеніші маңындағы ұңғыдан ағып жатқан мұнай дағын жоюға 5 млн. теңге қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі Прибрежное кеніші маңындағы ұңғыдан ағып жатқан мұнай дағын жоюға 5 млн. теңге қажет

Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі Прибрежное кеніші маңындағы ұңғыдан ағып жатқан мұнай дағын жоюға 5 млн. теңге қажет

Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі Прибрежное кеніші маңындағы 12-ші ұңғыдан ағып жатқан мұнай дағын жоюға 5 млн. теңге қажет. Бұл туралы "Теңіздегі және еліміздің ішкі су қоймаларындағы мұнай операцияларының қауіпсіздігін қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы" мемлекеттік басқармасының бастығы Радиус Латфулин KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 22 Қаңтар 2004
  • 667
Фото - Caravan.kz

Р.Латфулиннің айтуынша, осы аптаның басында Атырауда арнаулы комиссияның Каспий теңізінің жағалау аймақтары мен Жылыой ауданының үстінен тікұшақпен жасаған тексеру қорытындысына арналған кеңес өтті. Кеңесте төгілген мұнай дағын тез арада жоюға қаржы табу туралы шешім қабылданды. Р.Латфулиннің айтуынша, мұнай дағы Прибрежное кеніші маңындағы 12-ші ұңғыдан шығып жатқандығы анықталды. Осы төңіректегі жұмысы тоқтатылған төрт ұңғыдан 2003-жылдың маусым айында мұнай төгілген болатын.

Р.Латфулиннің айтуынша, «тікұшақтан жасалған көзбе-көз тексеру мұнай дағының айтарлықтай үлкен емес екенін дәлелдеді. Сондай-ақ, төгілген мұнай аймақтағы биологиялық түрлерге анау айтқандай қауіп төндірмейді. Мұнай дағының маңында мұнай жиналу ықтималдығы бар шағын аралдар орналасқан. Бірақ ол тұстан мұнай дағы табылған жоқ, әрі мұнай төгілу салдарынан зардап шеккен құстар да байқалмады».
Р.Латфулиннің айтуынша, «Атырау және Маңғыстау облыстарындағы су астына жіберілген мұнай ұңғыларының жағдайына талдау жасау жұмыстары 2004-жылғы көктемнен кейін атқарылады. Өйткені дәл қазір теңіздің жағалау бөлігі мұз астында жатыр».
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Каспий теңізінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты қазіргі жағдаймен 15 кеніш су астында қалды. Атап айтсақ, Лебяжье, Солтүстік, Қолтық, Огайское, Южное, Грядовая, Новобогатинский свод, Жарбас, Атанақ, Көк-Арна, Морская, Қарасор Западный, Прорва Морская, Оңтсүтік-батыс Тәжіғали, Пустынное, Прибрежное кеніштері. Бұл маңда бұрғыланғаннан кейін су астында қалу салдарынан қауіп төндіріп отырған 56 ұңғы бар. Жалпы алғанда Атырау және Маңғыстау облыстарындағы су астында қалған ұңғылар саны 1128-ді құрайды.

Соңғы жаңалықтар