Қ.Омаровтың айтуынша, қазір онда жартылай суға батып кеткен 40 кеме мен иесіз қалған кемелер жатыр. Олардың 90 проценті бүгінде келмеске кеткен «Қазақбалықфлоты» ААҚ-ына қарасты болған. Баутино мүйісінен 40 миль жерде алты метрлік тереңдікте Әзербайжанның «Гарангош» браконьерлік кемесі жатыр. Қ.Омаровтың айтуынша, дәл қазір Баутино мүйісінде осындай қанша кеме жатқанын ешкім дөп басып айта алмайды.
Облыс әкімінің орынбасары Михаил Бортниктің айтуынша, аймақтық индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес, құйма зауытында өңдеу үшін суға батып кеткен кемелерді құрғаққа шығару көзделген. Соның нәтижесінде Баутино мүйісінің маңында түзілген экологиялық проблемалар да шешіледі.