Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция жобасын жасаушы арнаулы жұмыс тобының кезекті 14-мәжілісін алдағы мамыр-маусым айларында Қазақстанда өткізу жоспарланды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция жобасын жасаушы арнаулы жұмыс тобының кезекті 14-мәжілісін алдағы мамыр-маусым айларында Қазақстанда өткізу жоспарланды

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция жобасын жасаушы арнаулы жұмыс тобының кезекті 14-мәжілісін алдағы мамыр-маусым айларында Қазақстанда өткізу жоспарланды

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция жобасын жасаушы, теңізді қоршай орналасқан бес мемлекеттің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі арнаулы жұмыс тобының кезекті 14-мәжілісін алдағы мамыр-маусым айларында Алматыда өткізу жоспарланды. Конвенция жобасын жасаушы арнаулы жұмыс тобының 16-17-наурызда Бакуде өткен 13-мәжілісінде осындай уағдаластыққа қол жеткізілді. KZ-today тілшісінің Әзербайжан астанасынан хабарлауынша, бұл туралы мәжіліс қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз мәслихатында РФ президентінің Каспий мәселелері жөніндегі арнайы өкілі, сыртқы істер министрінің орынбасары Виктор Калюжный мәлімдеді.

  • 18 Наурыз 2004
  • 608
Фото - Caravan.kz

Жалпы алғанда, отырысқа қатысушылар Баку кездесуінің қорытындыларына оң баға бере отырып, аталмыш бас қосу Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы мәселе бойынша ортақ келісімге келуге өзіндік оң үлесін қосқанын атап өтті.

Әзербайжан сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафовтың хабарлауынша, тараптар Конвенцияның бірқатар қағидалары төңірегінде келісімге келді. Атап айтсақ, өзара ынтымақтастық бағыттары, тараптар арасындағы қайшылықтарды реттеу тетіктері, сауда-саттық мақсатындағы кеме шаруашылығына қатысты жекелеген мәселелер бойынша мәжіліске қатысушылар ортақ мәмілеге келді.
Дегенмен, Х.Халафовтың айтуынша, бірқатар концепциялық мәселелер төңірегіндегі көзқарас қайшылықтары сақталып отыр. Бұл мәселелер топтың алдағы отырыстарында талқыланады.
Ал РФ сыртқы істер министрінің орынбасары В.Калюжныйдың хабарлауынша, Ресей жағы Каспий маңындағы мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің кездесуін 6-сәуірде Мәскеуде өткізу туралы ұсыныс жасаған. В.Калюжныйдың айтуынша, мәжіліске қатысушылар бұл ұсынысты мақұлдады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция жобасын жасаушы арнаулы жұмыс тобының Бакуде өткен кезекті 13- отырысына Әзербайжан сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов, Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Виктор Калюжный, Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Мехти Сафари, ҚР СІМ-нің бірінші орныбасары Қайрат Әбусейітов, ҚР СІМ-нің төтенше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты келіссөздерге Қазақстан атынан Равиль Чердабаев, Түрікменстан президентінің жанындағы Каспий теңізі мәселелері жөніндегі мемлекеттік кәсіпорын төрағасы Хошкелді Бабаевтар қатысты.

Соңғы жаңалықтар