Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция жобасын жасаушы арнаулы жұмыс тобының кезекті жиналысы мамыр айының екінші жартысында Тегеранда өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция жобасын жасаушы арнаулы жұмыс тобының кезекті жиналысы мамыр айының екінші жартысында  Тегеранда өтеді

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция жобасын жасаушы арнаулы жұмыс тобының кезекті жиналысы мамыр айының екінші жартысында Тегеранда өтеді

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция жобасын жасаушы арнаулы жұмыс тобының кезекті 17-ші жиналысы мамыр айының екінші жартысында Тегеранда өтеді. Оған теңізді қоршай орналасқан мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары қатысады. Бұл туралы 22-сәуірде Бакуде өткен баспасөз мәслихатында Әзербайжандағы Иран елшісі Афшар Сулеймани мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Сәуiр 2005
  • 364
Фото - Caravan.kz

АҚШ-тың әскери күштерінің Каспийге келу мүмкіндігіне Тегеранның көзқарасы туралы сөз қозғаған А.Сулеймани бұл мәліметтерді Әзербайжандағы АҚШ елшісі жоққа шығарғанын атап өтті. Ал Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырын қорғауға АҚШ әскерилерінің қатысу мүмкіндігі жайында Иран елшісі Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке сілтеме жасай отырып өз аумағында бұл құбырдың қауіпсіздігін Әзербайжанның өзі қамтамасыз етеді деп мәлімдеді.

Иран елшісі сонымен бірге достық және ынтымақтастық жөніндегі 2002-жылғы келісім-шартының 5- бабына сілтеме жасады. Онда Баку мен Тегеран өз елдерінің аумағын үшінші бір жақтың қастандық әрекеттері үшін пайдалануына мүмкіндік бермеуге міндеттеме жүктеп алған.
Ал Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция жобасын жасаушы арнаулы жұмыс тобының 16-ші жиналысы биылғы жылдың 28-29-қаңтарында Ашхабадта өткен болатын.

Перейти к новостям спорта