Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция жобасын жасаушы арнаулы жұмыс тобының кезекті жиналысы Тегеранда өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция жобасын жасаушы арнаулы жұмыс тобының кезекті жиналысы Тегеранда өтеді

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция жобасын жасаушы арнаулы жұмыс тобының кезекті жиналысы Тегеранда өтеді

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция жобасын жасаушы арнаулы жұмыс тобының кезекті 17-ші жиналысы Тегеранда өтеді. Теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция жобасын жасаушы арнаулы жұмыс тобының 28-29-қаңтарда Ашхабадта өткен кезекті 16-шы бас қосуында осындай шешім қабылданды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 31 Қаңтар 2005
  • 553
Фото - Caravan.kz

Жұмыс тобының 16-отырысына Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түрікменстан өкілдері қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша коммюнике қабылданды. Құжатта атап көрсеткеніндей, «отырыс өзара түсіністік және конструктивтік ахуалда өтті, өкілдердің жетекшілері Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне және теңіздегі ынтымақтастықтың түрлі қырларына қатысты өз елдерінің ұстанымын таныстырды».
«Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция жобасының әрбір тармағын төртінші мәрте талқылауды аяқтап, одан әрі шешуді талап ететін мәселелерді реттеу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруға пәтуаласты»,- делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар