Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі конвенция жобасын жасаушы арнаулы жұмыс тобының кезекті 15-отырысы 2004-жылдың қыркүйек айында Мәскеуде өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
0 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі конвенция жобасын жасаушы арнаулы жұмыс тобының кезекті 15-отырысы 2004-жылдың қыркүйек айында Мәскеуде өтеді

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі конвенция жобасын жасаушы арнаулы жұмыс тобының кезекті 15-отырысы 2004-жылдың қыркүйек айында Мәскеуде өтеді

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі конвенция жобасын жасаушы арнаулы жұмыс тобының кезекті 15-отырысы 2004-жылдың қыркүйек айында Мәскеуде өтеді. Бұл туралы бүгін, 10-маусымда Астанада өткен баспасөз мәслихатында РФ президентінің Каспий мәселелері жөніндегі арнайы өкілі, сыртқы істер министрінің орынбасары Виктор Калюжный мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Маусым 2004
  • 351
Фото - Caravan.kz

«Конвенция жобасының бірқатар пункттері бойынша біз өзара түсіністікке қол жеткіздік»,- деді журналистерге ҚР СІМ-нің төтенше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты келіссөздерге Қазақстан атынан қатысушы Равиль Чердабаев.

Тараптар конвенция жобасын жасаушы арнаулы жұмыс тобының Мәскеуде өтетін кезекті 15-отырысы басталғанға дейін «Конвенция жобасында басы ашық қалған мәселелер бойынша тұрақты пікір алмасып отыруға келісті»,- деді баспасөз мәслихатында Әзербайжан сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов.
«Бұл күні бүгінге дейін тындырылған істердің тиімділігін арттыру үшін және Мәскеуде өтетін кездесуде аталмыш принциптік маңызы бар мәселелер бойынша ортақ мәмілеге келу үшін қажет»,- деді Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты келіссөздерге Әзербайжан атынан қатысушы өкіл.