Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі Конвенция жобасын жасаушы арнаулы жұмыс тобының кезекті отырысы Ашгабадта өтеді - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі Конвенция жобасын жасаушы арнаулы жұмыс тобының кезекті отырысы Ашгабадта өтеді

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі Конвенция жобасын жасаушы арнаулы жұмыс тобының кезекті отырысы Ашгабадта өтеді

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі Конвенция жобасын жасаушы арнаулы жұмыс тобының кезекті 11-отырысы қыркүйектің 8-9-жұлдызында Ашгабадта өтеді.

  • 29 Шiлде 2003
  • 429
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі Конвенция жобасын жасаушы арнаулы жұмыс тобының оныншы отырысы 22-24-шілдеде Мәскеуде өткені белгілі. Оған Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түрікменстан республикаларының сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары қатысқан. Еліміз өкілдерін ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Әбусеитов басқарды.
Тараптар бұл отырыста Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі Конвенция жобасының өзара біріктірілген тәртіптерін өзара меймандос, конструктивті ахуалда кең көлемді талқылауларды одан әрі жалғастырды. Талқылау барысында белгілі дәрежеде ілгерілеушіліктер байқалып, Конвенцияның бірқатар баптары мен тәртіптері бойынша өзара пікір-көзқарас жақындығы орнаған.
Тұтастай алғанда, өкілдер Мәскеу кездесуінің қорытындысын жоғары бағалап, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі төңірегінде ортақ мәмілеге келу мақсатымен өзара мүдделі пікір алмасуларды одан әрі жалғастыруға тараптар табанды ниет білдірді.

Соңғы жаңалықтар