Е.Ашықбаевтың айтуынша, сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі отырысты ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев ашады.
Ал 25-қарашада Мәскеуде Өзбекстанның ЕурАзЭҚ-қа мүшелікке өту мәселесіне арналған жұмыс тобының отырысы өтеді.
Сонымен бірге СІМ өкілінің хабарлауынша, 26-қарашада Мәскеуде Біртұтас экономикалық кеңістік құру жөніндегі жоғары дәрежелі топтың кезекті отырысы, 25-26-қарашада Алматыда Халықаралық су-энергетикалық, көлік және азық-түлік консорциумдарын құру жөніндегі келісімдердің жобасын жасап келісуді жауаптанған мекемеаралық жұмыс тобының отырысы өтеді.