Каспий теңізінің табаны шектес мемлекеттер арасындағы уағдаластық негізінде бөлінуі тиіс - ҚР СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий теңізінің табаны шектес мемлекеттер арасындағы уағдаластық негізінде бөлінуі тиіс - ҚР СІМ

Каспий теңізінің табаны шектес мемлекеттер арасындағы уағдаластық негізінде бөлінуі тиіс - ҚР СІМ

Қазақстан Каспий теңізінің табанын жаппай мойындалған халықаралық құқық

  • 9 Маусым 2004
  • 556
Фото - Caravan.kz

нормаларын ескере отырып шектес мемлекеттер арасындағы уағдаластық негізінде бөлуді ұсынады. Бүгін, 9-маусымда Астанада Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі конвенция жобасын жасаушы арнаулы жұмыс тобының 14-отырысының ашылуында сөз сөйлеген ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

«Біз Ресей және Әзербайжанмен осындай принцип негізінде теңіз табанын бөлісіп отырмыз. Бұл біздің еліміз үшін теңіз табанын игеруге үлкен мүмкіндіктер туғызды»,- деді ол. ҚР СІМ-нің пайымдауынша, «Каспий теңізінің мәртебесіне қатысты мәселенің шешімін кейінге шегере беру жағалаудағы мемлекеттердің ұлттық мүдделеріне сай келмеумен бірге осынау бірегей жүйенің тауқыметтерін тіптен ушықтыра түсуде».
«Қазақстан жағының пікірінше, бірінші кезекте Каспий айдынын аймақтарға бөліп, ондағы режимді айқындау керек»,- деді Қ.Тоқаев. «Бұл мәселе бойынша мәмілеге келу басқа да проблемаларды шешуде қоздырғыш ролін атқарар еді»,- деді ол.
«Біз Каспий теңізін жаппай мойындалған халықаралық тәжірибеге сүйеніп аумақтық теңіздерге, балық аулайтын аймақтар мен ашық теңізге бөлуді ұсынамыз»,- дегенді министр еске салды. «Аумақтық теңіздердің сыртқы шекарасы мемлекеттік шекараға саналуы тиіс»,- деді ол. «Балық аулайтын аумақ режимі іс жүзінде келісілген. Ендігі жерде бұл аймақтарды жеке категорияларға бөліп, оның енін айқындау ғана қалып отыр»,- деді Қ.Тоқаев.

Перейти к новостям спорта