Каспий теңізінің жағалауында итбалықтар мен балықтардың қырылуына Қашаған кенішінен тасталған улы қалдықтар себеп болған – табиғат қорғау басқармасы - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий теңізінің жағалауында итбалықтар мен балықтардың қырылуына Қашаған кенішінен тасталған улы қалдықтар себеп болған – табиғат қорғау басқармасы

Каспий теңізінің жағалауында итбалықтар мен балықтардың қырылуына Қашаған кенішінен тасталған улы қалдықтар себеп болған – табиғат қорғау басқармасы

АТЫРАУ. 13-маусым. Kazakhstan Today. Каспий теңізінің жағалауында итбалықтар мен балықтардың қырылуына Қашаған кенішінен тасталған улы қалдықтар себеп болған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының есебінде айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 13 Маусым 2006
  • 648
Фото - Caravan.kz



“Теңіздің ағысы, желдің бағыты мен теңіз жәндіктерінің қырылған мерзіміне қарағанда, олар «Agip KCO» компаниясының келісім-шарты аумағында болған деп жорамал жасауға негіз бар”,- делінген есепте.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сәуір айында Каспийде балықтар мен итбалықтардың жаппай қырылу оқиғасы анықталған. Барлығы 2207 бекіре тұқымдас балық пен 337 итбалықтың өлімтігі табылды.

“Балықтар мен итбалықтардың жемтіктерінің жағдайына қарағанда, олар табылған 29-сәуірден 20-25 күн бұрын қырылған сыңайлы”,- делінген есепте.

Қырылған жәндіктер табылған жерден алынған сынамаларға жасалған зерттеулер қорытындысы тұрмыстық химиялық өнімдердің, фенол мен мұнай өнімдерінің мөлшері шектеулі шамадан артық екенін көрсетті. Тұрмыстық химиялық өнімдердің мөлшері шектеулі шамадан 3-6 есе, фенол мөлшері 3-6 есе, мұнай өнімдерінің мөлшері шектеулі шамадан 30 есе артық болып шықты.

Перейти к новостям спорта