Жобаны осы Ұлттық компания жүзеге асыруда. Жоба құны — 10 млн. долларды Қазақстан даму банкі 5,5 жылдық несие түрінде бөліп отыр. Жоба бойынша Баутино мүйісінде айлақ инфрақұрылымы нысандарын салу көзделген. Нысандар жер қойнауын пайдаланушылардың қажеттілігі үшін мұнай кеніштеріне мұнай өндіру операцияларын жүзеге асыруға қажетті құрылыс және басқа да материалдарды жіберу мақсатында пайдаланылады.
Азия және Мұхиттар аймағындағы қаржылық даму институттары Қауымдастығы аймақтық ұйымына мүше-елдердің даму институттары арасындағы байқау осымен бесінші мәрте 9 категория бойынша өткізіліп отыр. Атап айтсақ, «Кадр саясатының дамуы», «қоршаған ортаның дамуы», «шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту», «инфрақұрылымды дамыту», «технологияларды дамыту», «сауда-саттықты дамыту», «ұлттық экономиканы дамыту», «кедейлікті азайтуға бағытталған даму мақсаттарын қаржыландыру», «корпоративтік басқару» номинациялары бойынша жобалар іріктелді.