Каспий жағалауы елдері тамыз айында экологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша құжаттарға қол қояды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий жағалауы елдері тамыз айында экологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша құжаттарға қол қояды

Каспий жағалауы елдері тамыз айында экологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша құжаттарға қол қояды

Каспий жағалауы елдері тамыз айында экологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі құжаттарға қол қояды, деп ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшім мәлім етті.

  • 16 Маусым 2011
  • 433
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Каспий теңізін қорғау жөніндегі Теһран конвенциясын іске асыру аясында 2 хаттама – «Мұнаймен ластанудан туындаған оқиғалар орын алған жағдайға әрекет таныту, аймақтық дайындық пен ынтымақтастық туралы», «Трансшекаралық тұрғыдан қоршаған ортаға әсер етуді бағалау туралы» — хаттамалар дайын.

«Аталған хаттамаларға Теһран конвенциясының тараптарының биыл 10-12-ші тамызда Ақтауда өтетін конференциясында қол қойылады», — деді министр бейсенбі күні «KaspianO&Goffshore 2011» конференциясында.

Соңғы жаңалықтар