Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Мамандар қырылып қалған итбалық саны 64, ал балық бесеу екенін анықтады. Олар Урдюк мүйісінен Баутино шығанағына дейінгі жағалауға шығарылған. Оқиғаның себебін анықтау үшін жергілікті билік экологтармен бірлесіп жұмыс тобын құрды.
"Итбалық пен бекіре өлексесінің жағалауға шығарылуы оңтүстік-батыстан соққан жойқын жел салдарынан туындап отыр. Олар әбден сасып, шіри бастаған. Зертханалық сараптама жүргізу үшін тіндерінің сынамалары алынып, мұздатқыш камераға қойылды. Сонымен қатар су мен ауа сынамасы алынды", — деді Маңғыстау облысы балық инспекциясының басқармасында.
Сәуірде Маңғыстауда осы секілді жағдай болды – ол кезде жағалаудан қырылып қалған жүзге жуық итбалық табылды. Экологтар олар қыста қырылған деген болжам жасады.