Каспий жағалауының суы қызыл түске боялды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий жағалауының суы қызыл түске боялды

Каспий жағалауының суы қызыл түске боялды

Ақтаудың оңтүстік жағы қып-қызыл болып жатыр.

  • 8 Қаңтар 2018
  • 173
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы 24.kz хабарлайды. 

Шаһарда мұндай құбылыс жыл сайын байқалады. Қатты дауыл тұрып, теңіз балдырлары жағаға соғылған. Ұрылған өсімдіктердің әсерінен су осындай түске боялады. Оның үстіне қазір күн жылынып, балдырлар тез көбейіп жатыр. Бастапқы жылдары «теңізге қан төгілген» деп үйрейленген тұрғындар бүгінде бұл көрініске үйренген. Суретке түсіп, табиғат құбылысын тамашалайды. Биологтардың айтуынша, қызыл балдырларда йод көп болады екен. Сондықтан мамандар йод жетіспейтін жандар үшін жағалауда тынығып, таза ауамен тыныстаудың өте пайдалы екенін айтады.