Балықшылар Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Баутино ауылынан балық аулайтын ауларды тексеру үшін 20-қаңтарда моторлы қайықпен шыққан. Оларды 10 күн бойы туыс-туғандары өз күштерімен іздестірген. 1-ақпаннан бастап іздеу жұмыстарына аудандық құтқару станциясы мен Түпқараған ауданы әкімшілігінің қызметкерлері жұмылдырылды. Балықшылардың жоғалып кеткендігі туралы ақпарат облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасына 2-ақпанда келіп түсті.