Жарияланды: 560

Каспийде қазақстандық теңізшілердің ағашқы жаттығулары өтті

Маңғыстау облысындағы Баутино кентінде өткен жексенбі күндері ҚР ҚК әскери-теңіз күштерінің (ӘТК) алғашқы әскери жаттығулары өтті, деп агенттік тілшісі хабарлады.

«Жайық» және «Шапшаң» атты екі шағын кемелерде теңізден құтқару, кеме қаруынан су бетіндегі нысаналарға оқ ату, заңсыз бандалық құрылым басып алған кемені құтқару шаралары пысықталды», - деді «Шапшаң» кемесінің командирі, 3-ші рангтағы капитан Дастан Қалиев. Д. Қалиевтің айтуынша бұл қазақстандық теңізшілер үшін алғашқы елеулі әскери машық. Себебі Баутинодағы әскери-теңіз флоты тек 2010-шы жылғы тамызда жеке әскери бөлімше ретінде құралған болатын. Жаттығуларға қатысқан ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысының бірінші орынбасары Қардыржан Мұқановтың айтуынша, «жалпы команда нормативтерді орындады. Әрекеттері нақты және үйлесімді болды. Жекелеген кемшіліктері болды, бірақ ол бірінші ретке жарайды». ҚР ҚК ӘТК ҚР президентінің жарлығымен 2003-ші жылғы 7 мамырда құрылған болатын. Баутинодағы әскери-теңіз флоты 2010-шы жылғы тамыздан бері жұмыс істейді. Онда 4 теңіз күзет кемесі бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін