Каспийдегі Түпқараған жобасын жүзеге асыруға 1,7 млрд. доллар көлемінде инвестиция салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспийдегі Түпқараған жобасын жүзеге асыруға 1,7 млрд. доллар көлемінде инвестиция салынады

Каспийдегі Түпқараған жобасын жүзеге асыруға 1,7 млрд. доллар көлемінде инвестиция салынады

Каспийдегі Түпқараған жобасын жүзеге асыруға 1,7 млрд. доллар көлемінде инвестиция салынады. Бұл туралы Ақтауда өткен қоғамдық тыңдауда жарияланды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Желтоқсан 2003
  • 434
Фото - Caravan.kz

Жоба жүзеге асырылатын 36 жылда республикалық бюджетке 3,5 млрд. доллар түсім түседі деп күтілуде. Сондай-ақ, аймақтың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту мақсатына аударылатын қаржы көлемі жобаға жұмсалатын жалпы шығынның 1 процентіне жетіп, жыл сайын кем дегенде 500 мың долларды құрамақ.

Теңіздегі мұнай операцияларына арнап маман дайындауға алдғашқы 4 жылда жыл сайын 300 мың доллардан, ал одан кейін 500 мың доллардан қаржы бөлінеді.
Теңіздегі іздеу-барлау жұмыстарына дайындықты дер кезінде қамтамасыз ету үшін Түпқараған және Аташ учаскелерін барлау және бағалау бағдарламасы әзірленді.
Түпқараған учаскесінде жер қойнауын пайдалануға рұқсат алынғаннан кейін 655 шақырым жерде сейсмикалық (2Д) барлау жұмыстары жүргізіліп, бір ұңғы бұрғыланады. Бұдан кейінгі кезеңде коммерциялық тиімді мұнай қоры табылып жатса, суретке түсіру (3Д) жұмыстары жүргізіліп, бағалау мақсатымен бірнеше ұңғы бұрғыланады.
Ал Аташ учаскесінде 1057 шақырымда сейсмикалық егжей-тегжейлі барлау (2Д) және іздеу жұмыстары жүргізіледі. Сейсмикалық барлау қорытындысына сәйкес, ең перспективалы құрылымда барлау мақсатындағы бір ұңғы бұрғыланады деп межеленген.
Аталмыш учаскелерді геологиялық барлау жұмыстарына дайындау барысында Солтүстік Каспийге арналған барлық табиғат қорғау талаптары, соның ішінде теңіздің қатып қалатын қорық аймағында орналасқан Түпқараған және Аташ учаскелеріндегі қорық аймағы талаптары жан-жақты ескеріліп, судың 3-10 метрлік саяз бөлігінде жүзеге асырылатындықтан барлау жұмыстарына қойылған маусымдық экологиялық шектеулер де назарда ұсталады.
Түпқараған және Аташ жобаларын жүзеге асыру елімізде теңізден мұнай өндіру саласын жолға қоюға , Қазақстанның ресурстық базасын және мұнай мен газ өндіру ауқымын арттыруға, республикалық және жергілікті бюджеттерге салық, бонус, роялти және еліміздің үлесі есебінен құйылатын қаржылық төлемдер мөлшерін арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Түпқараған және Аташ жобаларын жүзеге асыру барысында отандық материалдар, тауарлар мен қызмет түрлерін, жергілікті ғылыми әлеуетті кеңінен пайдалануға, аймақта қосымша жұмыс орындарын құруға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, жергілікті кәсіби мамандарды дайындауға, жаңа технологиялар мен тың жаңалықтарды өзара жалғастырып қолданысқа енгізуге жағдай жасалмақшы.

Соңғы жаңалықтар