Каспийді қоршай орналасқан елдердің мемлекет басшылары алдағы жылы Тегеранда бас қосады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспийді қоршай орналасқан елдердің мемлекет басшылары алдағы жылы Тегеранда бас қосады

Каспийді қоршай орналасқан елдердің мемлекет басшылары алдағы жылы Тегеранда бас қосады

Каспий теңізін қоршай орналасқан елдердің мемлекет басшылары алдағы жылдың мамыр немесе маусым айының бірінде Тегеранда бас қосады. Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түрікменстан президентерінің қатысуымен өтетін саммитте Каспий теңізінің мәртебесіне қатысты жоғары деңгейдегі келіссөздердің екінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды NCA.

  • 24 Қараша 2003
  • 369
Фото - Caravan.kz

Осындай алғашқы кездесу биылғы жылдың басында Ашхабадта өткен.

Каспий маңындағы мемлекеттердің теңіз мәртебесіне қатысты өз ұстанымдарын пысықтап келе жатқанына биыл міне он жылдың жүзі болды. Соңғы уақыттарда бұл мәселені шешуде әжептәуір ілгерілеушіліктер байқала бастады. Қараша айының басында бес мемлекет өкілдері Каспий теңізінің қоршаған ортасын қорғау жөніндегі конвенцияға қол қойды.
Президенттер кездесуі қарсаңында биыл аталмыш аймақ мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерінің бас қосуы өтеді деп межеленген. Кездесу желтоқсан айына белгіленген. Алайда, кездесу өткізілетін орын туралы әзірге мәлімет жоқ.

Соңғы жаңалықтар