«Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін реттеудің тиімді тетіктерін жасаудың арқасында пікірталастарды тәжірибелік аяға көшіріп, конвенция жобасының мәтінінің жартысынан астам бөлігін келісуге мүмкіндік жасалды»,- деді ҚР СІМ.
Сонымен бірге сыртқы істер министрі кездесуге қатысушыларды келіссөздерді пәрмендендіруге шақырды. «Конвенцияның тұжырымдамалық ережелері бойынша тараптар үшін қолайлы шешімді іздестіру үшін екі және бес жақты форматтағы келіссөздер мен консультацияларды жандандыру қажет деген ұстанымға Қазақстан бағынады»,- деді ол.
Қ.Тоқаевтың пайымдауынша, «Конвенцияның принциптік ережелері бойынша қабылданатын шешім тараптардың Каспийді достық, тату көршілік пен ынтымақтастық теңізіне айналдыруға деген декларациялық талпынысына сай келуге тиіс».
«Каспий маңындағы елдер үшін өзара ықпалдастықтың ұзақ мерзімді әрі бекем құқықтық базасын тездетіп құру міндеті тұр. Ол бізге Каспий теңізі мен оның байлығын болашақ ұрпаққа арнап сақтап қалуға мүмкіндік береді»,- деді министр.