Алайда Маңғыстау облысының Мемлекеттік кірістер департаменті мұндай әрекет қауіпті болуы мүмкін екенін ескертті. Өйткені түбіртек — алаяқтар пайдалана алатын ресми құжат.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Мамандардың айтуынша, сатып алушылардың көбі чекке немқұрайлы қарайды. Соның салдарынан кассалардың жанындағы қоқыс жәшіктері чектерге толып тұрады. Бірақ бұл кішкентай қағаздардың қандай қауіп төндіруі мүмкін екенін бәрі бірдей ойлай бермейді. Кей жағдайда олар жай ғана жойылады. Дегенмен тәжірибе көрсеткендей, қалдырылған чек арқылы да алаяқтық жасалып, адам қаржылық шығынға ұшырауы мүмкін.
Алаяқтар түбіртекті қалай пайдаланады?
Егер сатып алу қолма-қол ақшаға жасалса, алаяқтар сол түбіртее арқылы дәл сондай тауарды ұрлап шығуға әрекет етуі мүмкін. Әдетте олар тауардағы қорғаныс құрылғыларын шешіп, дүкеннен алып шығады. Егер күзет қызметі тоқтатса, табылған түбіртекті көрсетеді. Ал түбіртекті қалдырып кеткен адам кей жағдайда осы іске қатысы бар деп тексерілуі мүмкін.
Кейде алаяқтыққа дүкен қызметкерлері де баруы мүмкін. Мысалы:
- кассир қалдырылған түбіртек арқылы таныстарының атына тауарды қайтару рәсімдеуі мүмкін;
- түбіртекке қосымша тауарларды қосып, айырмасын өзіне қалдыруы мүмкін;
- қолма-қол төлем кезінде түбіртекті бермей, сатып алуды кейін жойып, ақшаны өзіне алуы мүмкін.
Сондай-ақ кейбір жағдайларда қызметкерлер жеңілдік карталарын пайдаланып, тауарды алдымен жеңілдіксіз рәсімдеп, кейін өз картасымен жеңілдік жасап, айырмашылықты иемденуі мүмкін.
Түбіртекте көрсетілген деректер де қауіп төндіруі мүмкін
Егер төлем карта арқылы жасалса, түбіртекте көрсетілген аты-жөні және карта нөмірінің соңғы төрт саны арқылы алаяқтар сатып алушыны тауып, банк қызметкері ретінде хабарласуы мүмкін. Осылайша олар адамды алдап, жеке деректерін немесе ақшасын алуға тырысады.
Чекті сақтаудың басқа да пайдасы
Түбіртекті сақтау тек қауіпсіздік үшін ғана емес, басқа жағдайларда да маңызды:
- егер тауар ұнамаса, оны қайтару жеңіл болады;
- кэшбэк немесе бонус алу мүмкіндігі сақталады;
- чек арқылы бағадағы немесе есептегі қателерді тексеруге болады.
Мысалы, кейде сөредегі баға мен кассадағы баға сәйкес келмей жатады немесе бір тауар екі рет соғылуы мүмкін. Түбіртекті тексеру арқылы мұндай қателерді анықтап, қайта есептетіп алуға болады.
Нені есте сақтау керек?
Мамандардың айтуынша:
- Түбіртекті міндетті түрде алып кету керек;
- ондағы мәліметтерді тексеру қажет;
- егер сатушы түбіртекті бермесе немесе карта арқылы төлем қабылдамаса, бұл заң бұзушылық болып саналады.
Сондықтан қарапайым ғана қағаз болып көрінгенімен, түбіртек — сіздің құқығыңызды қорғайтын маңызды құжат. Сол себепті оны әрқашан өзіңізбен бірге алып кеткен дұрыс.