Кассалық чекті дереу қоқысқа тастау керек - kaz.caravan.kz
  • $ 481.54
  • 553.24
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кассалық чекті дереу қоқысқа тастау керек

Кассалық чекті дереу қоқысқа тастау керек

Кассалық чектер адам денсаулығына өте қауіпті болып шықты.

  • 18 Қаңтар 2019
  • 44
Фото - Caravan.kz

Кассалық чектерді шығару үшін қолданылатын қағазда адам денсаулығына өте қауіпті бисфенол А химикаты бар. Бұл туралы испаниялық Гранада университетінің ғалымдары мәлімдеді.

Мамандардың айтуынша, бұл химикат қатерлі ісіктердің, белсіздік пен диабеттің пайда болу тәуекелін едәуір арттырады. Сондай-ақ ол әйелдердің мерзімінен бұрын босануына әкеп соғып, ағзадағы эндокринді жүйені бұзатындықтан балалардың аутизмге шалдығу ықтималдығын жоғарылатады. Ғалымдар бисфенол А химикаты пластмасса мен эпоксидті шайырдың негізгі компоненті екенін атап өтті, деп жазды Genetic Engineering & Biotechnology News.


Зерттеушілер чекті дүкенде тастап кетуге кеңес беріп отыр, оны үйде немесе көлікте сақтауға болмайды. Сонымен қатар чекті қоқыс шелегіне тастардан бұрын умаждауды әдетке айналдырмағаныңыз жөн.