Қасым-Жомарт Тоқаев Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралап көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
0 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қасым-Жомарт Тоқаев Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралап көрді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда-ға сілтеме жасап хабарлайды. Мемлекет басшысы жеке инвестордың қаржысына салынып, биыл пайда

  • 19 Маусым
  • 6
ФОТО: Ақорда

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы жеке инвестордың қаржысына салынып, биыл пайдалануға берілген көпфункциялы ғимараттың қызметімен танысты.

Елордада орналасқан кешенде түрлі деңгейдегі спорттық іс-шаралар, сондай-ақ халыққа арналған сауықтыру және демалыс бағдарламалары ұйымдастырылады.

Нысан аумағында футзал, волейбол мен баскетбол алаңдары, бокс, дзюдо, қазақ күресі және басқа да спорт түрлерімен шұғылдануға арналған жекпе-жек залдары бар.

Президент бұқаралық спортты дамыту үшін осындай кешендерді көптеп салу қажет екенін айтты. Сондай-ақ жас боксшылармен және футболшылармен әңгімелесіп, олардың келешекте әлем, олимпиада чемпиондары болуына тілектестік білдірді.

– Бұл үшін, ең алдымен, еңбек ету керек, табандылық қажет. Жеңіске тек еңбекқорлық қана жеткізеді, – деді Мемлекет басшысы.

Перейти к новостям спорта