Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Пеллегрини мен словак халқын Конституция күнімен құттықтады.
Президент құттықтау жеделхатында Cловакия Конституциясының қағидаттары алдағы уақытта да елдің өркендеуі мен тұрақты дамуының мызғымас кепілі ретінде қызмет ете беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Пеллегринидің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас словак халқына құт-береке тіледі.