Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті - kaz.caravan.kz
  • $ 482.33
  • 557.57
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті.

  • 5 Тамыз 2024
  • 5
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттер басшылары қазақ-түрікмен қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанына назар аударып, Қазақстан Президентінің биыл күзде Түрікменстанға жоспарланған сапарының дайындық барысын талқылады.

Әңгімелесу барысында көлік-логистика, энергетика, мәдени-гуманитарлық  және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңызды екені атап өтілді.