Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Нью-Йоркке барады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Нью-Йоркке барады

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Нью-Йоркке барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 21-23 қыркүйек күндері Нью-Йорк қаласына жұмыс сапарымен барады

  • 19 Қыркүйек
  • 10
ФОТО: Ақорда

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы 19 қыркүйекте Ақорда Telegram-арнасында мәлім етті:

Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясына қатысып, бірқатар мемлекеттің және халықаралық ұйымдардың басшыларымен келіссөз жүргізеді.

Сапар аясында АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Сондай-ақ әлемдік жетекші компаниялардың басшыларымен кездесу жоспарланып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың 8 қыркүйегінде Қазақстан халқына Жолдауында Нью-Йоркте сөз сөйлейтінін жариялаған болатын.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті 2023 жылдың қыркүйегінде де жұмыс сапарымен Нью-Йоркке барған еді. Сол сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысып, БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясындағы жалпы пікірталаста сөз сөйлеген. Сонымен қатар ол ірі халықаралық бизнес-компаниялардың өкілдерімен кездесіп, Венгрия, Иран, Финляндия, Эстония, Кения және Румыния президенттерімен екіжақты келіссөздер жүргізген.

Перейти к новостям спорта