"Қасыма әруақтар келіп, жүгіріп жүрді": Өліп, қайта тірілдім деген әйел адам сенгісіз оқиғасын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.34
  • 556.34
+12 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қасыма әруақтар келіп, жүгіріп жүрді": Өліп, қайта тірілдім деген әйел адам сенгісіз оқиғасын айтты

"Қасыма әруақтар келіп, жүгіріп жүрді": Өліп, қайта тірілдім деген әйел адам сенгісіз оқиғасын айтты

Айғаным Боташ есімді әйел перзентханаға сау кіріп, мүгедек болып шыққан.

  • 1 Сәуiр
  • 445
Фото - Caravan.kz

Ауруханада өліп, қайта тірілдім деген әйел басынан өткен оқиғаны Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Оқиғаның мән-жайы

Айғаным Боташ тұрмыс құрып, отбасы болғаннан кейін 24 жасында ана болуды жоспарлаған.

«Тұрмыс құрдым, күйеуім екеуміз үлкен махаббатпен қосылдық. Отбасы болғаннан кейін ата-ана атанғымыз келді. Ең алдымен, жүктілігімді жоспарлап, дәрігерлерге көрініп, керекті витаминдерді іштім. Бірнеше айдан кейін аяғым ауыр екенін білдім. 9 ай бойы барлығы жақсы өтті, құрсағымдағы сәбиім де жақсы дамыды. 9 айдан кейін 7 мамыр күні кешке су кеткенін сезе бастадым. Сол уақытта күйеуім перинаталды орталыққа бардық. Мені қарап, қабылдап алды. Дәрігер су кетті деген диагноз қойып, бір тәуліктің ішінде босанасың деді. Келесі күні кезекшілікке басқа дәрігер келіп, мені қарады. Ол саған босануға әлі ерте, дайын емессің деді. Дәрігер солай айтып тұрғандықтан сендім. Оның үстіне жас әрі жуас болдым. 9 мамыр күні ішім ауырып жатқанын мейірбикелерге айтқанымда сізде толғақ деп палатаға қайтарды. Бірақ ішім ауырғаны тоқтамады, бұралып жаттым. Іш киімнен жасыл сұйықтық ағып жатқанын көріп, мейірбикелерге көрсеткенде мені дереу кесір тілігі арқылы босандыруға алып кетті. Осы жерде дәрігерлердің қателігі басталды. Мен 24 сағаттың емес, 50 сағат ішінде босандым» — дейді ол.

Дәрігерлердің қателігі

Ауруханаға өз аяғымен барған Айғаным Боташ дәрігерлердің салғырттығынан мүгедек болып қалғанын айтады.

«Босанғаннан кейін палатаға келгенде өзімді жайсыз сезіне бастадым. Дәрігерден себебін сұрағанымда сен жаңа ғана наркоз алдың, бұндай жағдай қалыпты дейді. Келесі күні де дәрігерлерге су іше алмай жатқанымды, дәретке бармағынымды айттым. Олар тағы да наркоздың әсері деп түсіндірді. Ұйықтататын дәрі береді, бірақ ұйықтап тұрсам да жағдайым дұрысталмады. Тұншығып, талып қалдым. Оянсам жедел жәрдем көлігінде кетіп бара жатырмын. Бірақ, қайтадан талып қалдым, қайтадан оянсам дәрігерлердің ортасындамын. Сөйтсем ол кезде мен комада ояныппын. Енді перинаталдық орталықта не болғанына келсек, 24 емес, 50 сағатта босанғанымның кесірінен бірінші топтағы мүгедек болып қалдым. Сепсис кетті. Балам 50 сағат сусыз болғаннан кейін өкпесі жұмыс істемей, 1 ай жансақтау бөлімінде жатты. Екінші қателік, кесір тілігі кезінді антибактериалды іс-шараларды жасамаған, дұрыс тазаламаған. Соның кесірінен сепсис перитонит басталды. Үшінші қателік, сепсисті тазалап жатқан дәрігер отада сепсис пен перитониттің ошағын қалдырып кетеді. Солай инфекция барлық ағзама тарады. Жүрегім тоқтады, бүйрегім жұмыс істемейді, қол-аяғымды ампутация жасады, комаға түстім, 30 ота жасалды және клиникалық өлім басталды. Бір қызығы, менің денсаулығыма зиян келтірген дәрігерлердің барлығы білікті, білімді. Бірі 45 жыл, бірі 20 жыл дәрігер болып жұмыс істейді. Мен дәрігер жаман болғаннан емес, салғырт қарағанынан бірінші топ мүгедек болып қалдым», — дейді ол.

«Әруақтармен тілдестім»

«Клиникалық өлімде жатқан кезімде пошта сияқты көп адам асығып жатқан жерде кезекте тұрдым. Таныс әрі өзіме жақын адамның Айғаным кет деген дауысын естідім. Көзімді ашып, жақындарымнан сұрасам қайтыс болған әжем келген деп түсіндірді. Жансақтау бөлімінде тағы бір қорқынышты жағдай болды. Жарықты өшірген кезде әруақтар келетін, дыбыстар шығатын. Жүгіріп жүреді, бір қарасам дәл алдымда тұрады. Бірде қасымда жатады. Бөлмеде 8 әруақ жүретін. Айтайын десем, дауысым шықпайды. Бірақ әліппедегі әріптер арқылы дәрігерге түсіндірдім. Олар бірден түсінді. Себебі, мұндай жағдай менің алдымда да болған екен. Жансақтау бөлімінде көп адам қайтыс болатындықтан солардың әруағы қалып қояды екен. Солай дәрігерлер күйеуіме имам әкел деген. Имам келіп, сүре оқыды. Содан соң олар маған келген жоқ. Сонда қайтыс болған адамның артында құран бағыштайтын біреу қалғаны дұрыс екен ғой деген ой келді», — дейді ол.