Қатонқарағай мен Зайсанда әуежай салынады - ШҚО әкімі - kaz.caravan.kz
  • $ 510.59
  • 578.91
+21 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қатонқарағай мен Зайсанда әуежай салынады - ШҚО әкімі

Қатонқарағай мен Зайсанда әуежай салынады - ШҚО әкімі

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Шығыс Қазақстан облысында Катонқарағай мен Зайсанға әуежай салынады

  • 9 Желтоқсан 2024
  • 9
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы облыс әкімі Ермек Көшербаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен көшпелі брифингте мәлім етті. 

«Марқакөл мен Алтай аудандарында жаңа екі орталық ашылып жатыр. Жол бойындағы сервисті де бір стандартқа сай келтіріп жатырмыз. Өңірдің туристік тартымдылығын арттыру үшін брендтік іс-шаралар өткізіп келеміз. Қатонқарағай мен Зайсанда әуежай салынады. Бұл шалғайдағы аудандарды дамыту үшін маңызды қадам болмақ. Өңір экономикасын дамыту үшін жалпы сомасы 2032 жылға дейін іске асырылатын 913 млрд теңгені құрайтын 40 инвестициялық жоба әзірленді. Оның ішіндегі 10 жоба биыл жүзеге асырылып, 478 жұмыс орны ашылды. 2024 жылы облыс экономикасы 6,5 пайызға артқан»,- дейді Ермек Көшербаев.

Сондай-ақ, қонақжай үйлері ұйымдастырылған туризмнің үлгісіне және тұрғындардың табыс көзіне айналып отыр. 

«Қатонқарағайдағы Коробиха ауылындағы әрбір үй алажаздай туристерді қабылдайды. Қазір Зимовье және Поперечное ауылдары осы бағытта дамып келеді. Табиғаты әсем, айналасы таулы аймаққа қысы-жазы келушілер жеткілікті. Риддер қаласында белсенді демалыс және тау шаңғысы спортымен шұғылдануға арналған кластер қалыптастыруды жоспарлап отырмыз. Ал, Катонқарағай ауданында 4 жұлдызды отель мен 2-3 жұлдызды қонақ үйлер салынады», — деді облыс басшысы.