"Қатты қиналдым, бір жыл нан жемедім": 54 келіге арықтаған Салтанат Әзірбекті ел танымай қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 503.9
  • 603.32
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қатты қиналдым, бір жыл нан жемедім": 54 келіге арықтаған Салтанат Әзірбекті ел танымай қалды

"Қатты қиналдым, бір жыл нан жемедім": 54 келіге арықтаған Салтанат Әзірбекті ел танымай қалды

Алматы қаласы полиция департаментінің ресни өкілі Салтанат Әзірбек бірден 54 келіге арықтап, адам танымастан өзгерген.

  • 29 Қаңтар
  • 7
Фото: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол «BES Madia» порталына берген сұхбатында мәлімдеді.

«54 кг салмақ тастадым, 10 жыл бұрын да салмақ тастаған едім. Ол кезде де жақсы салмақ тастадым. Бұл жолы да қайтадан дұрыс тамақтануға, дұрыс өмір салтын ұстануға оралдым. Әрине спортты да қостым. Және спорт дегенде аптасына екі рет емес, оны күнделікті бірге алып жүруге тырыстым. Спорт залға күнделікті баруға уақытым болмады. 

Бізде полиция департаментінде де спорт зал бар. Бұл жерде мен күнделікті кардиожүктеме туралы айтып тұрмын. Менің жұмыс күнім таңғы 7-де басталады. Мен күнде таңғы 3-те тұрып, 4-те серуендеуге шығамын. Күн сайын ең аз дегенде 13-14 мың қадам жасаймын. Одан да көп жасауға тырысамын. Кардио жүктеме кезінде мен ойымды жинақтаймын. 

Себебі онда мен 1,5-2 сағаттай жүремін ғой? Және ол таңғы уақыт, ол кезде ешкім далада болмайды. Осы уақытты пайдаланып, ойымды жинақтап, көп нәрсені ойлаймын. Әсіресе, күнімен жұмыста, ақпараттың ортасында болғандықтан, тездетіп таң атса екен деп отырамын. Себебі, мен сол кезде өзіммен-өзім боламын. Бұрын әрине қатты қиналатынмын. Мысалы, мен ұннан жасалған тағамдарды 1 жылдан астам уақыт бойы жемедім. Бешбармақтың жаймасын да жемедім, басында әрине қиын болды, қазір үйрендім. Тойға да барамын, онда ет пен шөп-шалам жеуім мүмкін, ал ертеңінде таразыда -500 г деп тұрады», — деді ол.