"Қатты өзгерген, түк жараспайды": Адам танымастай өзгерген Ләйлә Сұлтанқызын көпшілік танымай қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.3
  • 578.94
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қатты өзгерген, түк жараспайды": Адам танымастай өзгерген Ләйлә Сұлтанқызын көпшілік танымай қалды

"Қатты өзгерген, түк жараспайды": Адам танымастай өзгерген Ләйлә Сұлтанқызын көпшілік танымай қалды

Белгілі тележүргізуші, блогер Ләйлә Сұлтанқызы адам танымастай өзгеріп, елдің қызу талқысына түсті.

  • 19 Ақпан
  • 5
Facebook/Ләйлә Сұлтанқызы

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Тележүргізуші желіге жаңа образдағы суреттерін жүктеп, ерекше пост жазды.

«Мен неге осындаймын? Бұл пост — сила волиі әлсіздерге. «Сенің аскезаң қандай? Неден аскеза?».

Шынымды айтсам, бұл тәсіл өз өзін жеңу қиын адамдарға жақсы көмектеседі. Мысалы, мен біраз уақыттан бері тәтті жемеймін, кола ішпеймін, жүрем, жаман ойды жақсыға айналдырамын, бір уақытта ұйықтаймын. Оны жай ЗОЖ емес, арманға негіздеп қойдым: 10 күн, 2 жұма не 1 ай. Өзіммен келісімшартқа отырғандай…

Миға бір ой жібердім: бұзсам, ниетім орындалмайды деген. Сол стоп сияқты жұмыс істейді. Нәтиже? Салмақ кетті, бет тазарды. Ұйқым дұрысталды. Ең бастысы, өзіме сенім пайда болды.

Байқап көріңізші. Ал сізде қандай аскеза болды? Айтпақшы темекі тартатын таныс жігіт те осылайша тастап кетті», — деп жазды ол.