"Қатты ызаланған, намысына тиген": Атырауда мектепке балта апарған баланың анасы өз шындығын айтып, жылап жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 490.58
  • 584.77
-5 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қатты ызаланған, намысына тиген": Атырауда мектепке балта апарған баланың анасы өз шындығын айтып, жылап жіберді

"Қатты ызаланған, намысына тиген": Атырауда мектепке балта апарған баланың анасы өз шындығын айтып, жылап жіберді

Атырау облысы Құлсары қаласында оқушыларға балта алып жүгірген баланың анасы өз шындығын айтты.

  • 12 Ақпан
  • 10
Instagram/ze_kulsary_06

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

«Мен кешегі 5 ақпанда болған оқиғаға байланысты, Ұзақбайұлы Мейіржанның анасы Жиембетова Мәншүк Кенесарықызымын. Осы оқиғаға байланысты бәрін айтайын, себебі осы оқиғаның басы-қасында жүрмін. 5 ақпан күні балам сабағына барады. Екінші сабақ бітіп, қоңырау соғылғанда балам сыныпта отырады, оның отырғаны камерада сақталған. Және оны өз көзіммен көрдім, бірақ бізге суретке түсіруге рұқсат берген жоқ.

Сол жерде баламның осындай қылықпен жүргендегі видеосы тарап жатыр. Оған куә оның жанында отырған ұл-қыздары. Төрт бала келіп, менің баламды Мейіржан деп шақырған. Ол балама мінездрін көрсетіп, туалетке жүр деген. Сосын төрт балаға күші келмейтін болғаннан кейін осындай жағдайға әкеліп отыр.

Күз айларында балам: «Мама, басқа мектепке барып ауысайыншы» деп жүрді. Бір жыл қалды, осы мектепті абыроймен аяқтап шық дедім. Мен үнемі балама сабаққа бар деп итермелеймін, бірақ балам сабаққа барғысы келмейді. Бір күні маған: «Анашым, сіз үнемі маған сабаққа бар дейсіз, бір күні мен басқаша жағдайды келсем, не істейсіз?» деген сөзі есімнен кетпейді.

Ең соңында менің балам жаман атаққа қалып тұр. Егер төрт бала оның сыныбына бармаса, үшінші қабаттан екіншіге түспесе, менің балам мұндай жамандыққа бармас еді. Қатты ызаланып, намысына тиген, соны екіжақты қарау керек», — деді анасы.