"Қатты жауын-шашын күтіледі": Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қатты жауын-шашын күтіледі": Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

"Қатты жауын-шашын күтіледі": Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазгидромет синоптиктері алдағы күндрерге арналған ауа райы болжамын жариялады.

  • 8 Сәуiр
  • 12
Фото: Егемен Қазақстан

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Күндіз республиканың солтүстігінде ауа температурасы 0-8 градус жылы, солтүстік-батыста, шығыста және орталықта 5-15 градус жылы, батыста және оңтүстікте 15-23 градус жылы болады.

«Республика аумағының басым бөлігі әлі де атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады, осыған байланысты түнде жауын-шашын (негізінен жаңбыр түрінде), күндіз жаңбыр жаууы болжанады. Қатты жаңбыр 09 сәуірде еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында, қатты жауын-шашын 09-11 сәуірде шығыста, 11 сәуірде орталығында күтіледі, сондай-ақ жел күшейеді, оңтүстік аймақтарда найзағай, бұршақ және қатты жел болжанады», — делінген Қазгидромет жариялаған хабарламада.

Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.