Кавказ бен Орталық Азияға демократиялық төңкерістер келеді - АҚШ президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кавказ бен Орталық Азияға демократиялық төңкерістер келеді - АҚШ президенті

Кавказ бен Орталық Азияға демократиялық төңкерістер келеді - АҚШ президенті

Халықаралық республикалық институтта ұйымдастырылған қабылдауда АҚШ президенті Джордж Буш Кавказ бен Орталық Азияға да демократиялық төңкерістер келеді деп мәлімдеді,- деп хабарлайды Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігі.

  • 19 Мамыр 2005
  • 462
Фото - Caravan.kz

«Бүкіл Кавказ бен Орталық Азия өзгерістерді күтуде және ондай өзгерістер қайткенде келеді»,- деп мәлімдеді АҚШ президенті.

Ақ үй басшысы шетелдерге бостандықты тарату ісіндегі жетістіктері үшін Халықаралық республикалық институтқа мақтау білдірді. «Халықаралық республикалық институттың арқасында бүгінде дүниежүзі қауіпсіздікке, бостандық пен тыныштыққа қол жеткізді»,- деп атап өткен АҚШ президенті Халықаралық республикалық институттың шетелдерге арнап демократиялық жетекшілерді дайындау, саяси партияларды нығайту және сайлауларға мониторинг жүргізу бағытытндағы жұмыстарын еске салды.
«Тәуелсіздікті тарату ісі бойынша Халықаралық республикалық институт тындырған істерді мен жоғары бағалаймын. Халықаралық республикалық институт бірнеше ондаған жылдар бойына дүниежүзінің жүзден астам елдерінде демократиялық өзгерістердің алғы шебінде келеді»,- деді АҚШ президенті.
«Жер шарын бостандық жайлады. Соңғы 18 айдың өзінде біз «раушан гүл», «қызғылт сары», «алқызыл», «қызғалдақ» және «самырсын» сынды сан алуан түсті төңкерістерге куәгер болдық. Бұл қызықтың басы ғана»,- деді Дж.Буш.

Перейти к новостям спорта