«Кәһф» сүресіндегі математикалық дәлдік - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Кәһф» сүресіндегі математикалық дәлдік

«Кәһф» сүресіндегі математикалық дәлдік

Алла сөзінің қасиеті әр ғасырда, әр уақытта ашыла берері ақиқат. Таяуда ғалымдар Құранды ғылыми жағынан зерттей келе мына бір таңғажайып дүниені шығарды.

  • 30 Қаңтар 2017
  • 664
Фото - Caravan.kz

Алла сөзінің қасиеті әр ғасырда, әр уақытта ашыла берері ақиқат. Таяуда ғалымдар Құранды ғылыми жағынан зерттей келе мына бір таңғажайып дүниені шығарды.

Құранның дәл ортасында келетін «Кәһф» сүресінде зұлым патшадан қашып, бір Аллаға деген сенімдерін қорғап, үңгірде Алланың әмірімен үш жүз жыл және тоғыз ай ұйқыға кетіп, пана тапқан Алланың ақиқи құлдары жөнінде баяндалады.

Сол сүренің 12-аятында «ләбису» (болу, қалу, кідіріп қалу) сөзінен бастап әр сөзді санаса, 25-аятта «сәләсә миә» (үш жүз) деген сөзге келгенде, тура 300 сөз болады. Ал, 26-аятта «ләбису» (болу, қалу, кідіріп қалу) сөзіне келгенде үңгір оқиғасы аяқталып, тура 309 сөз болады. Яғни, олар ұйқыға кеткен 300 жыл және тоғыз айдың есебі шығады. Сонымен бірге бұдан бұрын ғалымдар математикалық есеппен тура 300 жыл шығу үшін 9 айдың да қажет екенін анықтаған. 300 жыл — шамсия күнтізбесіне, 309 жыл — қамария күнтізбесіне сәйкес келетіндіген көз жеткізген.

Аяттардағы осыншама математикалық дәлдік Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға ﷺ түскен Құранда болуы Алланың құдіретін одан ары паш ете түспек.


Осындайда, Алла сөзінің күн сайын дәлелденіп жатқан кереметтеріне қайран қалып, Жаратқанға шүкір еткеннен басқа шарамыз жоқ.

Соңғы жаңалықтар